Ганнуши ковид-19 жұқтырғаны себепті ауруханаға жатқызылды

Тунис Мәжіліс төрағасы және Эннахда қозғалысы басшысы Рашид әл-Ганнуши ауруханаға жатқызылды.

1683848
Ганнуши ковид-19 жұқтырғаны себепті ауруханаға жатқызылды

Тунис Мәжіліс төрағасы және Эннахда қозғалысы басшысы Рашид әл-Ганнушидің қысқа уақыт бұрын жұқтырған жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) себепті денсаулығының нашарлағаны және бас қаладағы әскери ауруханаға жатқызылғаны білдірілді.

Мәжіліс төрағасы баспасөз хатшысының орынбасары Весим әл-Хадрави жасаған мәлімдемесінде «Ганнушидің денсаулығы қысқа уақыт бұрын жұқтырған ковид-19 салдарынан нашарлады және әскери ауруханаға жатқызуға тура келді» деді.

Дәрігерлердің Ганнушидің вирус жұқтырғанын растағанын мәлімдеген Хадрави «Ганнушидің жағдайы қазіргі уақытта тұрақты және дәрігерлер оның ауруханадан бүгін кешке шығатынын растады» деді.

Ганнуши кеше кешке шамалы ауырып, ауруханада емінің артынан шыққан еді.

Ганнушидің көмекшісі Махир Мезюб болса Фейсбуктегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде Ганнушидің шетелде емделгісі келетіні туралы ақпараттың шындыққа жанаспағанын, елден кетуді ойламағанын және ойламайтынын атап көрсетті.

Ганнушидің әлеуметтік желідегі аккаунтынан 13 шілде күні жасалған жазбаша мәлімдемеде Мәжіліс төрағасының ковид-19 сынағы нәтижесінде вирусты жұқтырғанының анықталғаны жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар