Ауғанстан президенті бірлікке шақырды

Ғани терроризммен күрес және елдегі жағдайды өзгерту үшін бірлік болу керектігін айтты.

1684219
Ауғанстан президенті бірлікке шақырды

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани енді бұрынғыдан да көп ұйымшылдық пен бірлік керектігін айтты.

Президент Ғани Ұлттық мәжілісте сөйлеген сөзінде үкіметтің бейбітшілік үшін көптеген пидақорлық жасағанын және үлкен қадам басқанын білдірді. Ол үкіметтің басты басымдылығының бейбітшілік екенін, Талибан мен қолдаушыларының ниетінің жаман екенін атап көрсетті.

Ғани терроризммен күрес және елдегі жағдайды өзгерту үшін бірлік болу керектігін айтты. «Талибан я шыныменен келіссөз үстеліне отырады я да соғыс майданында жеңеміз.  Біздің таңдауымыз жасалды.  Енді Талибан таңдауы керек» деді ол.

Ауғанстанда қауіпсіздік күштері мен Талибан арасында қатты қақтығыстар жалғасуда. Жергілікті лауазым иелерінің деректеріне қарағанда, Талибан 407 ауданның 150-ден астамын бақылауына алған. 34 уәлаят орталық үкіметтің қолында.



Ұқсас жаңалықтар