Тунис Ішкі істер министрлігіне жаңа басшы

Гарсиллави сарайда ант берді.

1682718
Тунис Ішкі істер министрлігіне жаңа басшы

Тунис президенті Кайс Саид Ішкі істер министрлігіне Рыза Гарсиллавиді тағайындады.

Гарсиллави сарайда ант берді.

Президент Саид осында сөйлеген сөзінде атазаңның бұзылғаны туралы сындарға «Біз заңға тәуелдіміз» деп жауап қайтарды.

Президент 25 шілде күні қабылданған шешімдерге байланысты «мемлекет пен құқықты қорғау үшін Атазаңның 80-ші бабын орындауға мәжбүр болғанын» тілге тиек етті.

Президенттік аппаратта Қауіпсіздік бас директоры болып қызмет атқарған Гарсиллави елде және шетелде білім алған.



Ұқсас жаңалықтар