Грекияда азшыл халықтың мектептеріне заңсыздық

Заң қабылданған жағдайда, азшыл халық құқық бұзушылыққа ұшырайды.

1682595
Грекияда азшыл халықтың мектептеріне заңсыздық

Грекияда азшыл халыққа қарсы заңсыздық жалғасып жатыр.

Премьер-министр Кириакос Мичотакис үкіметі «Мектептердің және педагогтардың деңгейін жақсарту және жетілдіру» атты заң жобасын дайындады. Заң жобасы мәжілісте талқыланды.

Жобада азшыл мектептері мемлекеттік мектептердің мүмкіндіктерінен аулақ ұсталған.  Азшыл халықтың мектептерінің басқа мекеме және ұйымдармен ынтымақтастық жасауы, көмек және материалдық жәрдем алуына кедергі келтірілген.

Жоба заңға айналатын болса, жабылған азшыл мектептерінің ғимараттарын қолдануға тыйым салынады.

Азшыл халықтардың депутаттары түрік азшыл халқының білім алу құқықтарын бұзатын осы заң жобасына наразылық көрсетті. Мәжілісте сөз сөйлеген депутаттар Білім беру министрлігінен заң жобасының алынып тасталуын талап етті.

Азшыл халық мектептерінің мемлекеттік мектептермен бірдей құқыққа ие болуы керектігін атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар