"Ашық Балкан" ресми құрылды

Үш ел лидерлері "Апаттардан қорғау және құтқару", "Батыс Балканда импорт пен экспортты оңайластыру" және "Жұмыс нарқы" жайлы үштік келісімдерге қол қойды.

1682434
"Ашық Балкан" ресми құрылды

Батыс Балкан елдері Сербия, Албания мен Солтүстік Македония құрған және қоғамда "Шағын Шенген" (Mini Schengen) аталған аймақтық талпыныс үш елдің лидерлері бас  қосқан Скопьеде "Ашық Балкан" (Open Balkan) деп хабарланды.

Солтүстік Македония бас қаласы Скопьеде ұйымдастырылған "Аймақтық Ынтымақтастық экономикалық форумына" қатысқан Солтүстік Македонияның премьер-министрі Зоран Заев, Албания премьер-министрі Эди Рама және Сербия президенті Александр Вучич жиналыс аясында аймақ елдері азаматтарының тұрмысын жақсартатын келісімдерге қол қойды.

Форумнан кейін лидерлер "Апаттардан қорғау және құтқару", "Батыс Балканда импорт пен экспортты оңайластыру" және "Жұмыс нарқы" жайлы үштік келісімдерге қол қойды. 

Лидерлер "Аймақтық Ынтымақтастық экономикалық форумының" беташарында баяндама жасады, панельдерге қатысты.

"Ашық Балкан" (Open Balkan) талпынысының күзде Тирана мен Белградта ұйымдастырылуына шешім қабылданды.

"Ашық Балкан" (Open Balkan) талпынысы алғаш рет 2019 жылы 10 қазанда Сербияның Нови-Сад қаласында үш ел лидерлерінің қатысуымен таныстырылған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар