Африка елдерінде вакцина жетіспей отыр

Африкада вирустан қайтыс болған адам саны 167 мың 599-ға жетті. Оқиға саны 6 миллион 642 мыңнан асты.

1682451
Африка елдерінде вакцина жетіспей отыр

Африкаға қажетті жаңа типті коронавирус (Сovid-19) вакцинасының тек 10 пайызы ғана жеткені жарияланды.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Африка директоры доктор Матшидисо Моети апталық баспасөз жиналысында құрлыққа қажетті 820 миллион компонент вакцинаның 82 миллионы ғана жеткенін хабарлады.

Матшидисо Моети:

"Африканы вакцинамен қамдауда бір үміт бар, алайда осы үмітті сөндірмеу керек" деді.

1.3 миллиард жан саны бар құрлықта 2 пайыз адамға вакцина егілгенін айтқан Моети вакцина жетіспеген жағдайда оқиғаның артуынан алаңдағандарын білдірді.

Африкада вирустан қайтыс болған адам саны 167 мың 599-ға жетті. Оқиға саны 6 миллион 642 мыңнан асты.

Құрлықта жұғымдалу Оңтүстік Африка Республикасы, Марокко, Тунис, Мысыр, Эфиопия және Ливияда ең көп тіркелді.  



Ұқсас жаңалықтар