Тунис мемлекеттік телеарнасының директоры қызметінен босатылды

Президент Кайс Саид телеарна директоры Лесад Дахисті отставкаға жіберуге шешім қабылдады.

1682019
Тунис мемлекеттік телеарнасының директоры қызметінен босатылды

Тунис президенті Кайс Саид Тунис Мемлекеттік телеарнасының бас директоры Лесад Дахисті қызметінен босатты. 

Президенттік аппараттан жасалған жазбаша мәлімдемеде президент Саид Дахистің қызметтен босату шешімі қабылдағаны атап көрсетілді.

Президент Саидтің Дахистің орнына Аватыф эд-Далиді телеарнаны уақытша басқаруға тағайындағаны білдірілді.  

Екінші жағынан президент Саид мемлекеттің ақшасын талан-таражға салғаны туралы мәлімдеме жасап, аталған соманы қайтарып алу және тиісті тұлғаларға айыппұл салу керектігін атап айтты. 

Президенттік таратқан бейнекөріністе президент Саид Картаж сарайында Өнеркәсіп және сауда федерациясы төрағасы Семир Маджулмен бас қосқаны орын алды. 

Ұлттық парақорлық және сыбайлас жемқорлықты анықтау комитетінің бір есеп жариялағанын атап көрсеткен Саид елде 460 адамның мемлекеттің ақшасын талан-таражға салғанын және тоналған соманың 13,5 миллиард Тунис динары (шамамен 4,8 миллиард доллар) екенін мәлімдеді. 

Саид татуласуға шақырып, мемлекеттің ақшасын талан-таражға салғандардың тізімінің қолында екенін тілге тиек етті. 



Ұқсас жаңалықтар