Пәкістанда нөсерлі жаңбырдан 2 кісі қаза тапты

Полиция басшылары сел апатында су астында қалған үйдегі ана мен баланың қаза тапқанын жариялады.

1681749
Пәкістанда нөсерлі жаңбырдан 2 кісі қаза тапты

Пәкістанның бас қаласы Исламабадта нөсерлі жаңбырлар себеп болған сел апатында 2 кісі қаза тапты.

Пәкістан баспасөз хабарларында түнде басталған нөсерлі жаңбыр Е-11 және Д-12 секторында селге айналғаны, көптеген үй мен жұмыс орнын су басқаны білдірілді.

Полиция басшылары Е-11 секторында су астында қалған үйдегі ана мен баланың қаза тапқанын жариялады.

Лауазымдылар азаматтарды қырағы болу және сақтану жайлы ескертті.

Көліктердің сел суына көмілген суреттері жарияланды. 

Нөсерлі жаңбыр мен сел күшті болған аймақтарда тазалық жұмыстары басталды. Армия қызметкерлері жұмысқа қолдау беруде.



Ұқсас жаңалықтар