Израиль соғыс қылмысын жасады

Израиль 15 жылдан бері жаулап жатқан Газаға мамырда 11 күн жалғасқан топтық шабуыл бастады. Шабуылдарда 260 палестиналық қаза тапты.

1681138
Израиль соғыс қылмысын жасады

Адам Құқығы Бақылау ұйымы Израильдің 10 мамырда Газа Секторына бағыттаған және 11 күн жалғасқан шабуылдарының соғыс қылмысы екенін білдірді.

Израиль 15 жылдан бері жаулап жатқан Газаға мамырда 11 күн жалғасқан топтық шабуыл бастады. Шабуылдарда 66 бала, 129 бейбіт тұрғын, жалпы 260 палестиналық қаза тапты.

Адам Құқығы Бақылау ұйымы оқиғаларға байланысты көлемді тергеу рапортын жариялады.

Рапортта Израильдің әрекеті "соғыс қылмысы" деген нәтиже шығарылды. 

Рапортта Газаға шабуылдардың Израильдің жаулап алуының бір бөлшегі екеніне назар аударылды. 

Адам Құқығы Бақылау ұйымының Израиль мен Палестина директоры Өмер Шакир:

"Бұл шабуылдардың кең көлемді екенін түсіну маңызды. Оқиғалар Газа Секторының 14 жылдан бері аяусыздықпен әлемге жабылған бір кезеңде және палестиналықтарды жауланып жатқан Шығыс Иерусалимдегі үйлерінен шығаруға бағытталған бөлшектеуші әрекетінен кейін жасалды" деді.  



Ұқсас жаңалықтар