Пәкістан Мәжіліс сайлауын Имран Ханның партиясы жеңді

Премьер-министр Имран Ханның Пәкістан Әділет партиясы жалғыз өзі үкімет құру құқығына қол жеткізген көрінеді.

1680542
Пәкістан Мәжіліс сайлауын Имран Ханның партиясы жеңді

Пәкістанның Азад Джамму Кашмир аймағында Заң шығару Мәжілісі сайлауын бейресми санаққа қарағанда премьер-министр Имран Ханның лидерлігіндегі Пәкістан Әділет партиясы жеңді.

Азад Джамму Кашмир Сайлау комиссиясы 53 орынды Мәжілістің 45 орны үшін бәсекелескен сайлауда Пәкістан Әділет партиясы 25, Пәкістан Халық партиясы 11, Пәкістан Мұсылман лигасы-Наваз 6, Джамму Кашмир мұсылман конференциясы мен Джамму Кашмир Халық партиясы бірден орын иелегенін білдірді. 

Пәкістан Әділет партиясы әйелдерге, діни лидерлерге және технократтарға бөлінген 8 орыннан 6 орынды кепілдікке алды. 

Премьер-министр Имран Ханның Пәкістан Әділет партиясы жалғыз өзі үкімет құру құқығына қол жеткізген көрінеді. 

Алдыңғы сайлауда 2 орын алған партия бұл жолғы сайлауда 23 орын арттырды. 



Ұқсас жаңалықтар