Энтони Блинкен мен Каис Саид сөйлесті

Тунис президенті Каис Саид адам құқықтары  және еркіндіктерге құрмет көрсету тақырыбында ынталы екенін білдірді.

1680970
Энтони Блинкен мен Каис Саид сөйлесті

Тунис президенттік сарайынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен кеше кеште президент  Каис Саидпен телефон арқылы сөйлесті. 

Телефондағы әңгіме барасында адам құқықтары  және еркіндіктерге  құрмет көрсету тақырыбында ынталы екенін түсіндірген Каис Саид алдын алу шаралардың атазаңдық органдарды, мемлекетті қорғау және әлеуметтік бейбітшілікті орнату үшін Атазаңның 80-ші бабының атқырылуы аясында екенін алға тартты. 

Энтони Блинкен де твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде Тунис президенті Каис Саидпен телефонда сөйлескенін, әңгіме барысында Тунистегі жағдайды қолға алғандарын және мемлекеттің  демократиясына қолдау көрсеткенін жариялаған еді. 

Мемлекеттік хатшы Блинкен одан кейін жасаған бір мәлімдемесінде болса "Президент Каис Саидті Тунисте әкімшіліктің іргетасы болған адам құқықтары мен демократияға құрмет көрсету тақырыбында ынталандырдым. Барлық саяси актерлер және Тунис халқымен ашық диалогты жалғастыру жайлы үндеу тастадым" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар