Калифорния штатында орман өрті тез тарап жатыр

АҚШ-тың Калифорния штатында орманда өрт болып жатыр.

1680084
Калифорния штатында орман өрті тез тарап жатыр

Орман өрті АҚШ-тың Калифорния штатынының шығыс шекарасында солтүстік-оңтүстік желісі бойынша тез тарап жатыр. Өрт сөндіру жұмыстары неше күннен бері жалғасуда. 

Калифорнияның Невада штаты шекарасы маңында болған  Дикие өрті 11 күннен бері, Тамарак өрті 21 күннен бері жалғасуда. Тілсіз жаудан 20-дан астам үй күлге айналды.  

Калифорнаия штатының Плумас, Бутте және Лассен аймақтары мен Неваданың Дуглас аймақтарында төтенше жағдай жарияланды. 

Билік "қызыл" қауіптілік деңгейін жариялады. Өрт сөндіруге арнайы техника мен тікұшақтар жұмылдырылуда.

Айта кетейік, өткен жылы Калифорнияда 7 мыңға жуық өрт тіркелген.

 



Ұқсас жаңалықтар