Францияда Ковид-19 заңы мақұлданды

Франция Сенатында Ковид-19 денсаулық рұқсатының көлемін кеңейткен заң жобасы 123-ке қарсы 199 дауыспен қабылданды.

1679904
Францияда Ковид-19 заңы мақұлданды

Францияда Парламенттің Сенат қанаты жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күрес заң жобасын өзгерістермен мақұлдады. 

Францияда көбі оңшыл партиядан құралған Сенат кейбір кәсіп тобына вакцинаны мәжбүр қылған, Ковид-19 денсаулық рұқсатының көлемін кеңейткен заң жобасына кейбір өзгерістер енгізіп, 123-ке қарсы 199 дауыспен қабылдады.  

Ұлттық Мәжілісте осының алдында мақұлданған жобада кейбір іс-шараларда және мекендерге кіргенде Ковид-19 вакцинасын ектірген құжатты, соңғы 48 сағатта PCR сынамасы жасалған құжатты көрсету немесе соңғы 6 айда Ковид-19 науқасынан сауыққан дәлелді көрсету тәртібі мәжбүр күйге келтірілді.

Сенат жобаға 18 жастан төменгі балалардан және сауда орталықтары мен мейрамханалардың ашық бөлімінде Ковид-19 рұқсатын сұрамауды қосты.

Жобаға 16-17 жастағы балалардың отбасынан рұқсат алмай вакцина ектіру бабын қосқан Сенат мемлекеттік алаңдарда Ковид-19 рұқсаты тәртібін 30 тамыздан 15 қыркүйекке кешіктіруді, тәртіпті атқаруда мекендегі адам санына қарауды талап етті.

Сенат Ковид-19 науқастарына бағытталған мәжбүр карантин шарттарын азайтты.

Сенатормен депуттардан құралған аралас комитет ортақ мәтінге келісуге талпынады. 



Ұқсас жаңалықтар