Пакістанда ішкі әуе қатынасы үшін вакцинация міндетті

Пәкістан Коронавирус ұлттық басқару және бақылау орталығы мәлімдеме жасады.

1679612
Пакістанда ішкі әуе қатынасы үшін вакцинация міндетті

Пәкістан жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) вакцинасын салуды ішкі бағыт әуе жолы қатынасы үшін міндет етті.

Пәкістан Коронавирус ұлттық басқару және бақылау орталығынан жасалған мәлімдемеде 1 тамыз күнінен бастап, ішкі рейстерде ковид-19 вакцина сертификатын көрсетудің міндетті болатыны білдірілді.

Мәлімдемеде кез-келген бір мәселеге душар болмау үшін ұшатын азаматтардың ковид-19 вакцинасын салдыруы талап етілді.

Пәкістанда ұзақ уақыттан бері азайып келе жатқан күнделікті оқиға саны қайта көбейе бастады, бұл жағдай эпидемияның 4-ші толқынының бастауы деп пайымдалды.

Елде эпидемияға байланысты 22 мың 971 адам қайтыс болды. Науқас саны 1 миллион мың 875-ке дейін өсті.



Ұқсас жаңалықтар