Олимпиаға келген 123 адамда ковид-19 анықталды

«Токио-2020»-ға тіркелген адамдар арасында ковид-19 вирусы анықтағаны жарияланды.

1679507
Олимпиаға келген 123 адамда ковид-19 анықталды

Жапонияда өтетін «Токио-2020 Жазғы олимпиада ойындарына» аккредиттелген жаңа типтегі коронавирусты (ковид-19) жұқтырғандар саны 123-ке өсті.

Ұйымдастыру комитеті «Токио-2020» аясында елге келген тағы 17 адамның вирус жұқтырғанын анықтады.

Вирусты жұқтырған 17 адам арасында Жапонияға шетелден келген бір спортшы мен Токиодағы Олимпиада ауданында тұратын бір адам да бар екені білдірілді.

Қалған 15 адамның 14-і турнир шеңберінде келісімшарт бойынша жұмыс істейтіндер екені атап көрсетілді.

Вирусты жұқтырғандар үшін карантиндік шаралар қабылданды.

Осылайша «Токио-2020 Жазғы олимпиада ойындарына» тіркелген адамдардың вирус жұқтырғандар саны 123-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар