БҰҰ Сирияда артқан қақтығыстарға алаңдауда

БҰҰ Сирияның солтүстік батысында қақтығыстардың артуына алаңдаушылық білдірді.

1679392
БҰҰ Сирияда артқан қақтығыстарға алаңдауда

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Сирияның солтүстік батысында қақтығыстардың артуына алаңдаушылық білдірді.

БҰҰ Бас хатшы мәлімдемешісі Фархан Хак БҰҰ штаб-пәтеріндегі күнделікті баспасөз мәслихатында «Жалғасып жатқан қақтығыстар соңғы кездері араларында көптеген әйел мен бала да бар ондаған бейбіт тұрғынның өлімі мен жарақат алуына себеп болды» деді.

Хак БҰҰ ретінде аймақтағы қақтығыстардың артуына қатты алаңдағандарын атап, тараптарды халықаралық гуманитарлық заңдарға сәйкес бейбіт тұрғындарға зиян келтіруден бас тарту үшін барлық шараларды қабылдауға шақырды.

Сирияда Башар Асад режимі мен Иран қолдау берген террористік топтар бейсенбі күні Идлиб дағдарысын азайту аймағындағы Иблин ауылына шабуылдап, араларында бір әйел мен 3 бала да бар 7 адамды өлтіріп, 3 бейбіт тұрғынды жаралаған болатын.

Оппозициялық ақпарат көздері болса орыс әскери ұшақтарының Идлибтің оңтүстігіндегі Бара, Ихсим және Мираян ауылдарына әуе шабуылы жасағанын жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар