АҚШ мен Ресей стратегиялық тұрақтылықты талқылайды

Ресей мен АҚШ делегациялары 28 шілде күні стратегиялық тұрақтылықты талқылау үшін бас қосады.

1679400
АҚШ  мен Ресей стратегиялық тұрақтылықты талқылайды

Ресей мен Америка Құрама Штаттары (АҚШ) делегациялары 28 шілдеде стратегиялық тұрақтылықты талқылайды.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде президент Владимир Путиннің 16 маусымда Женевада (Швейцария) АҚШ президенті Джо Байденмен бас қосқанын еске салды.

Кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы ретінде 28 шілде күні Женевада Ресей мен АҚШ келіссөздерінің стратегиялық тұрақтылық аясында өтетіні баса айтылған мәлімдемеде «Ресей делегациясына Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков, ал АҚШ делегациясына АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Венди Шерман басшылық жасайды. Кездесуде стратегиялық тұрақтылықты қорғау, күшейту және қаруды бақылау тақырыптары талқыланады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар