ДДСҰ-ның жаңа ковид-19 зерттеу жоспары

ДДСҰ ковид-19 алғаш табылған аймақтағы зертхананың жазбаларын тексеруді талап етуде.

1678893
ДДСҰ-ның жаңа ковид-19 зерттеу жоспары

Қытайда денсаулық сақтау органдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) коронавирус (ковид-19) эпидемиясын қоздырған вирус көзін зерттеу жоспарының жаңа кезеңін мақұлдамады.

BBC түрікше жаңалықтарына қарағанда ДДСҰ қызметкерлері ковид-19 эпидемиясы алғаш рет табылған аймақтағы зертханалардың жазбаларын тексеруді талап етеді.

Қытай Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Цзэн Инсиннің айтуынша, бұл бастама «ғылымның тәкаппарлығын көрсетеді».

ДДСҰ сарапшылары өздерінің алдыңғы жұмыстарында ковид-19 эпидемиясының «қытайлық зертханалардан шыққан» деген теорияның ең төменгі ықтимал екенін атап өткен болатын.

Зерттеушілер вирус 2019 жылы желтоқсан айында анықталған Уханьға биылдың басында барған еді.



Ұқсас жаңалықтар