Германиядағы селде қаза тапқандар саны артты

Табиғи апатта 174 адам қайтыс болды.

1678642
Германиядағы селде қаза тапқандар саны артты

Германияда кейбір штаттарда қатты жаңбыр себеп болған сел және су тасқындарында қаза тапқандар саны артты.  Табиғи апатта 174 адам қайтыс болды.

Сел болған аймақтарда құтқару жұмыстары мен тазалық жұмыстары жалғасып жатыр.

Германия канцлерінің орынбасары және қаржы министрі Олаф Шольц сел салдарынан үлкен зиян келгенін білдіріп,  зардап шеккендерге жылдам қолдау берілуі керектігін айтқан болатын. Осы тақырыпта қажетті қадамдардың басылуының және жедел көмек берілуінің маңызды екенін айтқан министр жедел көмек үшін шамамен 400 миллион евро керектігін білдірген болатын.  



Ұқсас жаңалықтар