Башар Асад күштері ауылға шабуылдады

Жеті адам қаза тапты.

1678609
Башар Асад күштері ауылға шабуылдады

Сирияда Башар Асад режимі мен Иранның қолдауын алған террористтік топтар Идлиб дағдарысты азайту аймағы территориясындағы ауылға шабуылдады.  Шабуылда жеті бейбіт тұрғын қаза тапты,  үш адам жарақат алды.

Сирия Азаматтық қорғаныс ұйымынан алынған мәліметке қарағанда, режим күштері Идлибтің оңтүстігіндегі Иблин ауылына құрлықтан құрлыққа ататын қарулармен шабуылдады. Шабуылда жеті адам қаза тапты.  Олардың бірі әйел, үшеуі бала.  Үш азамат жарақат алып,  ауруханаға жеткізілді.

Ресейге тиісті екені айтылған әскери ұшақтар да таңертең ертемен Идлибтің оңтүстігіндегі Бара, Ихсим және Мираян ауылдарын бомбалады.

Сонымен қатар Сириядағы Башар Асад әкімшілігі Хомус қаласындағы кейбір нысандарға Израильдің әуеден шабуылдағанын алға тартты. Асад әкімшілігінің ақпарат агенттігі әуе қорғаныс жүйелерінің зымырандарға тосқауыл болғанын,  тек материалдық шығын келгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар