Мұражайға кірерде вакцина карты керек болады

Францияда жаңа шешімдер қабылданды.

1678275
Мұражайға кірерде вакцина карты керек болады

Францияда коронавирус инфекциясы артуына орай тағы да жаңа бір медициналық өтпелі жүйе іске қосылды.

Елде бір күндік оқиға саны 18 мыңнан асқаннан кейін Денсаулық сақтау министрі Оливие Веран Франция көлемінде іске қосылатын жаңа шешімдерді жариялады.

Сәрсенбі күнінен бастап азаматтар мұражай және кинотеатрға кіру үшін вакцина картын, негатив тест қорытындысын немесе коронавирустан жазылып шыққанын білдіретін құжат көрсетуі тиіс.

Францияда өткен апта ковид оқиға саны күніне жеті мыңнан аспайтын еді. Дельта варианты ел көлемінде тарап, жұғу оқиғасы 150 пайыз артты.

Жақында президент Эммануэль Макронның жаңа шешімдерінен кейін Парижде наразылықтар болып, вакцина салатын екі орталыққа зиян келтірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар