Ерсин Татар 15 шілде төңкерісіне тоқталды

Ерсин Татар 2016 жылы 15 шілде төңкеріс талпынысын тағы бір мәрте айыптады.

1675415
Ерсин Татар 15 шілде төңкерісіне тоқталды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Ерсин Татар Кипрде фашистік понти-грек бірлесіп жасаған 1974 жылғы 15 шілдедегі төңкеріс пен Түркияда Феттуллахшы террор ұйымының 2016 жылы 15 шілдеде жасаған төңкеріс талпынысына тағы бір мәрте лағнат айтты.

Президент Ерсин Татар Кипрде фашистік понти-грек бірлесіп жасаған 1974 жылғы 15 шілдедегі төңкерістің 47 жылдығы, Түркияда Феттуллахшы террор ұйымының 2016 жылы 15 шілдеде жасаған төңкеріс талпынысының 5 жылдығына орай жасаған мәлімдемесінде "Фашистік төңкерістерге тағы бір мәрте лағнет айтқанын" білдірді. 

Президент Ерсин Татар:

"1974 жылғы Бейбітшілік қозғалысы соңында грек әкімшілігі құлап, Грекияға да демократия келді. Грек халқы да бұл үшін Түркияға борышты" деді.

Түркияда Феттуллахшы террор ұйымының 2016 жылы 15 шілдеде жасаған төңкеріс талпынысының 5 жылдығына тоқталған Ерсин Татар:

"Атамекен Түркияның тұтастығына, тәуелсіздігі мен демократиясына қарсы жасалған төңкеріс талпынысы түрік халқы мен еліне тәуелді Түрік Қарулы Күштері тарапынан тосылды. Кипр түрік халқы төңкеріске қарсы президент Ердоған мен үкіметінің қасында болды. 5-ші жылдығында фашистік төңкеріс талыпынсын айыптап, төңкерісте шейіт болғандарға Алладан иман тілейміз, ардагерлерге сәлем жолдаймыз" деп көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар