Кабулда бомбалы шабуыл

Ауғанстанның бас қаласы Кабулдағы бомба шабуылда 2 бейбіт тұрғын қаза тапты.

1673045
Кабулда бомбалы шабуыл

Кабул полиция дирекциясының баспасөз хатшысы Фердевс Фарамарз баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Кабулдың Карте-и Нев аймағындағы жылжымайтын мүлік кеңсесіне орналастырылған бомбаның жарылғанын атап көрсетті.

Фарамарз шабуыл кезінде 2 бейбіт тұрғынның қаза тауып, 4 адамның жарақат алғанын білдірді.

Шамамен 3 айға жуық уақыт бойы ел көлемінде жасалған бомбалы шабуылдардың көпшілігінде жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.

Ауғанстанда бейбітшілік үдерісі белгісіз болып тұрған кезде қауіпсіздік күштері мен Талибан арасындағы қақтығыстар жалғасуда.

Анадолу агенттігінің (AA) жергілікті биліктен алған ақпаратына қарағанда Талибан 407 ауданның 150-ден астамын орталықтарға қоса басып алған. Ал Талибан болса, бақылауындағы аудан орталығы санының 205-тен асқанын алға тартуда.



Ұқсас жаңалықтар