Мексикада нөсер жауын салдарынан 5 адам қаза тапты

Чиапастың бас қаласы Тукстла Гутиеррест маңындағы ауылдық жерлерде үйлер қирады.

1671434
Мексикада нөсер жауын салдарынан 5 адам қаза тапты

Мексиканың оңтүстігіндегі Чиапас штатында толассыз жауған жаңбыр салдарынан 3 бала барлығы 5 адам қайтыс болды.

Чиапастың бас қаласы Тукстла Гутиеррест маңындағы ауылдық жерлерде топырақ көшкіні болып, кейбір үйлер нөсер жауынның салдарынан құлады. Сол үйлердегі 3 бала мен 1 әйел қаза тапты.

Агуа Азул сарқырамасына немесе оның айналасындағы бассейндердің біріне құлағаны болжалған 23 жастағы португалиялық бір әйел туристтің мәйіті ауданнан бірнеше шақырым жерде табылды.

Сарқыраманың көгілдір түсі соңғы күндері жаңбыр себепті қоңыр түске айналды.



Ұқсас жаңалықтар