Германия вакцина ектірмегендерді жазаламайды

Марио Чеджа мен кейбір басшылар вакцинация уәдесін орындамаған адамдарға ақша жазасын беруді талап еткен болатын.

1670302
Германия вакцина ектірмегендерді жазаламайды

Неміс үкіметі жаңа типті коронавирус індеті вакцинасын ектіруге келіскен, алайда уақытында келмеген адамдарға ақшалай жаза беру жөніндегі талапты қабылдамады.

Неміс үкіметінің мәлімдемешісі Штефен Зайберт бас қала Берлинде ұйымдастырған баспасөз жиналысында халықты вакцинация тағайындау уәдесін орындауға шақырды.

Мәлімдемеші:

"Осылайша тек өзіңізді ғана емес, баршаны ауруға шалдығу мүмкіндігінен қорғайсыз" деді. 

Штефен Зайберт неміс үкіметінің жаңа типті коронавирус індеті вакцинасын ектіруге келіскен, алайда уақытында келмеген адамдарға ақшалай жаза беруге байланысты бір жоспары жоқ екенін айтты. 

Германия Қызыл крест қоғамы Берлин уәлаятының төрағасы Марио Чеджа мен кейбір басшылар вакцинация уәдесін орындамаған адамдарға ақша жазасын беруді талап еткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар