Шетелдік әскерлер Баграм әуе базасынан толықтай шықты

АҚШ кету процесін жартылап қалды.

1668630
Шетелдік әскерлер Баграм әуе базасынан толықтай шықты

Халықаралық әскери күштер Ауғанстаннан кетіп жатқанда, Кабулға 50 км қашықтықтағы Баграм Әуе базасы да толықтай босады.

Reuters ақпарат агенттігінің АҚШ Қорғаныс министрлігіндегі бір лауазым иесіне сүйеніп берген хабарына қарағанда, барлық шетелдік әскерлер Ауғанстандағы Баграм әуе базасынан кетті.

11 қыркүйек шабуылынан кейін Ауғанстанда басталған миссия аяқталып қалды. Германия мен Италия Ауғанстанда НАТО құрамындағы әскерлерін елге әкету ісін аяқтағанын хабарлаған болатын. Америка Құрама Штаттары да Ауғанстаннан кету процесінің жарты пайызын тамамдады.



Ұқсас жаңалықтар