Путин «HMS Defender» атты әскери кеменің провокация жасағанын білдірді

Путин «Президентпен тікелей байланыс» атты сұрақ-жауап жиынына қатысты.

1667562
Путин «HMS Defender» атты әскери кеменің провокация жасағанын білдірді

Ресей президенті Владимир Путин өткен апта Ұлыбританияға тиесілі «HMS Defender» атты әскери кемесінің Қырым су айдынына өтуімен басталған дағдарыстың артынан Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттарын провокация жасаумен айыптады.

Путин жыл сайын жүзеге асатын «Президентпен тікелей байланыс» атты сұрақ-жауап жиынына қатысты.

Владимир Путин британдық әскери кеменің Ресейдің Қорғаныс қабілетін сынауға тырысқанын, бұл кемеге АҚШ-тың тыңшы ұшағының серік болғанын мәлімдеді.

«Біз бұл кемені суға батырғанның өзінде, Үшінші дүниежүзілік соғыс басталмас еді, өйткені оны істегендер бұл соғыста жеңіске жете алмайтындарын біледі» деген орыс басшы Украинамен дағдарыс тақырыбына да тоқталды.

 Украинаның қазіргі басшыларының Ресеймен дос емес екенін түсіндірген Путин Киев әкімшілігінің НАТО мүшелерімен өткізген жаттығулардың Ресейді мазалағанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар