Ауғанстанда еш неміс әскері қалмады
Германия Қорғаныс министрі соңғы неміс әскерінің де елге қайтқанын білдірді.
Германия Қорғаныс министрі Аннегрет Крамп-Карренбауэр Ауғанстандағы соңғы неміс әскерінің де елге қайтқанын хабарлады.
Крамп-Карренбауэр кеше кешке соңғы неміс әскерлерінің де Ауғанстаннан сенімді түрде шыққанын айтып: «20 жылдан кейін шетелдегі ең үлкен міндетіміз де аяқталды» деді.
Неміс армиясы да неміс әскерлерінің Ауғанстандағы НАТО құрамындағы міндетінің аяқталғанын хабарлады.
Неміс әскерлері Халықаралық Қауіпсіздік қолдау күші (ISAF) және артынан жүзеге асырылған Табанды қолдау миссиясы шеңберінде 2001 жылдан бері Ауғанстанда қызмет етіп келді. Осы міндет барысында барлығы 59 неміс әскері қаза тапты.
Ұқсас жаңалықтар
Орталық Жерорта теңізінде 510 заңсыз мигрант қаза тапты
Осы жылдың басынан бері Орталық Жерорта теңізінде 510 заңсыз мигранттың қайтыс болғаны хабарланды.