Байден мен Ривлин кездесті

Ривлиннің жақында міндет мерзімі аяқталады.

1666537
Байден мен Ривлин кездесті

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден 9 шілде күні міндетінен кететін Израиль президенті Реувен Ривлинмен бас қосты.

Байден мен Ривлин Ақ Үйде баспасөзге жабық өткен кездесуден бұрын журналистердің сұрақтарына жауап берді. Байден міндетінен жақында кететін Ривлинді Ақ Үйде қонақ қылғанына қуанышты екенін айтып, Израильдің жаңа премьер-министрі Нафтали Беннетті де жақында Ақ Үйде көргісі келетінін білдірді.  Израильге деген қолдауын қайталаған Байден: «АҚШ президенті ретінде Израильге уәдеміз берік.  Әрқашан айтқанымдай Израиль болмағанда, біз бір Израиль жасап алар едік» деді.

Байден Америка Құрама Штаттарының Израильдің Таяу Шығыс елдерімен қатынастарды қалпына келтіру процесіне де толық қолдау көрсеткенін айтты. Ол аймақта толық бейбітшілік пен тұрақтылық блогы құрғысы келетіндерін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар