Үндістанда Nipah вирусы (NİV) байқалды

Үндістанда жарқанаттарда Nipah вирусы (NİV) анықталғаны жарияланды.

1665662
Үндістанда Nipah вирусы (NİV) байқалды

Үндістанда елді мекендерге жақын маңдағы жарқанаттарда Nipah вирусы (NİV)  анықталды.

Хайуандардан тарайтын Nipah вирусы (NİV) індеті тұңғыш рет 1990 жылдардың соңында Малайзиядағы доңыз фермасында байқалып, індет себепті 105 кісі қайтыс болған.

Үндістанда 2011 жылы, Батыс Бенгалда 2007 жылы және 2018-2019 жылдары Керала уәлаятында Nipah вирусы (NİV) індеті байқалған еді.

The Indian Express газетінің Үндістан Медициналық зерттеу кеңесі мен Ұлттық  вирусология институты зерттеулерін негіз еткен хабарында Үндістанда жарқанаттардан алынған үлгілерде байқалғаны білдірілген Nipah вирусы (NİV) індеті өте жұғымталдығымен танымал және адамдарда өлімшіл ми инфекциясы мен тыныс алу жолы ауруларына себеп болатыны жарияланды.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының халықтың денсаулығы тұрғысынан басты зерттелетін аурулар тізіміне енген Nipah вирусы (NİV) індеті бұзылған жеміс-жидектен, хайуандардан адамға, адамнан адамға жұғады. 

Бүгінге дейін емі де, вакцинасы да табылмаған Nipah вирусы (NİV) індетінің өлтіру мөлшері 40-75 пайыз арасында.  



Ұқсас жаңалықтар