АҚШ-тың әскер шегеруінде өзгеріс жоқ

Джен Псаки "АҚШ-тың әскерлерді Ауғанстаннан 11 қыркүйекке дейін шегеру жоспарымызда ешқандай бір өзгеріс жоқ" деді.

1663887
АҚШ-тың әскер шегеруінде өзгеріс жоқ

Ақ Үй баспасөз хатшысы Джен Псаки Америка Құрама Штаттарының Ауғанстаннан 2021 жылы 11 қыркүйекке дейін әскерлерін  түбегейлі шегеру жоспарының өзгермейтінін білдірді.

Псаки Ақ Үйде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында АҚШ Қорғаныс министрлігінің Ауғанстаннан әскерлерінің кері шегеру процесі жайлы мәлімдеме жасады. 

Псаки мәлімдемесінде "Біз осы процесте әскери қызметкерлеріміздің қауіпсіздігін сақтай отырып ілгерілеудеміз" деді. 

Псаки Талибанның аймақтағы АҚШ әскерлеріне қарсы шабуылдарын көбейткенін байқағанын баяндады. 

АҚШ президенті Джо Байденнің 25 маусым жұма күні Ақ Үйде Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездескенін білдіріп, "Әскерлерді Ауғанстаннан 11 қыркүйекке дейін шегеру жоспарымызда ешқандай бір өзгеріс жоқ" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар