Мексикадағы бір түрмеде шыққан төбелесте 6 адам қаза тапты

Оқиғада түрмедегі 9 тұтқынның жарақат алғаны білдірілді.

1663224
Мексикадағы бір түрмеде шыққан төбелесте 6 адам қаза тапты

Мексиканың Табаско штатындағы бір түрмеде шыққан төбелесте 6 тұтқын қаза тапты, 9 тұтқын жарақат алды.

Полиция қызметкерлері Табасконың бас қаласы Вильярмоса түрмесі ауласында екі қарсылас топ арасындағы оқиға туралы мәлімдеді.

Оқиға кезінде ауыр жарақат алған 6 тұтқынның құтқарыла алмағанын атап көрсеткен лауазымдылар 9 тұтқынның жараланғанын білдірді.

Лауазымдылар оқиғаның артынан түрмеде тәртіптің қайта қамтамасыз етілгенін хабарлады.

Мексиканың батысында қауіпсіздігі жоғары Пуэнте-Гранде түрмесінде мамыр айында болған оқиғаларда 7 тұтқын қаза тауып, 9 тұтқын жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар