Палестиналықтар мен еврей қоныстанушылар арасында төбелес

Жеті адам жарақат алды.

1662462
Палестиналықтар мен еврей қоныстанушылар арасында төбелес

Оккупациядағы Шығыс Иерусалимдегі Шейх Жаррах ауданында палестиналықтар мен еврей қоныстанушылар арасында төбелес шықты. Жеті адам жарақат алды.

Жергілікті хабар көздеріне қарағанда, кешкі уақытта Шейх Жаррах ауданында келіспеушілік артуына орай аудан тұрғындары мен оларға қолдау беру үшін келген палестиналықтар және еврей қоныстанушылар арасында төбелес шықты.  Орындықтар мен тастар лақтырылған төбелесті Израиль полициясы түрлі газ бомбаларымен тоқтатуға тырысты.

Израиль полициясы палестиналықтардың кейбірін ұрып соқты.

Палестина Қызыл жарты ай қоғамы жеті палестиналықтың жарақат алғанын, екі адамның ауруханаға жеткізілгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар