Хамас байрағына тыйым салады

Германияда партиялар осы тақырыпта келісті.

1661903
Хамас байрағына тыйым салады

Германияда Хамас ұйымының байрағына тыйым салынады.

Германияда коалиция үкіметін қалыптастырған Христиан Бірлік партиялары мен Социал демократ партияның парламенттегі фракциялары Палестина Ислами тойтарыс қозғалысы Хамастың байрағына тыйым салуға келісті.

Welt газетіндегі хабарға қарағанда партиялар Неміс Қылмыстық кодексінің 86-шы бабына орай Хамас байрағына тыйым салуға дайындалуда.

Бірлік партияларының парламенттегі фракциясының төрағасының орынбасары Тростен Фрай «Неміс жерінде террорлық ұйымдардың байрағының желбіруіне рұқсат бермейміз» деді.

Еуропа Одағы 2001 жылы Хамасты «террорлық ұйымдар» тізіміне енгізген болатын.



Ұқсас жаңалықтар