Израиль полициясы тағы шабуылдады

Израильдік заңсыз қоныстанушылар сенбі күні осы аудандағы тұрғындарға газбен шабуылдаған еді.

1661745
Израиль полициясы тағы шабуылдады

Израиль полициясы оккупациядағы Шығыс Иерусалимнің Шейх Жаррах ауданындағы үйлерінен күштеп көшірілетін тұрғындар мен оларға қолдау беру үшін келген палестиналықтарға шабуылдады.

Куәгерлер Израиль полициясының ауданға кіруге тырысқандарды таяқпен ұрғанын, журналистер мен палестиналықтарды аймақтан күшпен шығарып жібергенін білдірді.

Израиль полициясы айырықша Шейх Жаррах ауданында бір үйге басқын жасап,  үй тұрғындарына шабуылдады.

Израильдік заңсыз қоныстанушылар сенбі күні осы аудандағы тұрғындарға газбен шабуылдаған еді.

Рамазан айы басталған 13 сәуір күнінен бері Әл-Ақса мешіті мен қасындағы Шейх Жаррах ауданында Израиль полициясының шабуылы салдарынан келіспеушіліктер толастамады.



Ұқсас жаңалықтар