Босқындарды еске алды

44 мың босқын үшін ағаштан символикалық құлпытастар тұрғызылды.

1661840
Босқындарды еске алды
hollanda multeciler gunu1.jpg
hollanda multeciler gunu.jpg

Нидерландыда 20 маусым Дүниежүзілік Миграция күніне орай шеру ұйымдастырылды.

Гаага қаласында өткен шеруде қазірге дейін қаза тапқан 44 мың босқын үшін ағаштан символикалық құлпытастар тұрғызылды.

Осындағы баяндамаларда босқындардың хикаялары баяндалды. Әрбір символикалық құлпытас Еуропаға көш жолында суда тұншыққан немесе шекарада қаза тапқан босқындар үшін тұрғызылды. Алайда қайтыс болған босқындардың көбінің аты-жөні белгісіз екені атап көрсетілді.

Шеруге қатысушылар қайтыс болған босқындарды еске алу және ұмытпаудың жеткілікті еместігін айтып,  босқындардың барлығы құтқарылғанға дейін күрес жалғасатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар