АҚШ-тан Тайваньға 2,5 миллион доза вакцина

АҚШ әкімшілігі осы ай ішінде аралға 750 мың доза вакцина жолдауға уәде берген болатын.

1661995
АҚШ-тан Тайваньға 2,5 миллион доза вакцина

Америка Құрама Штаттары Қытаймен келіспейтін Тайваньға 2,5 миллион доза коронавирус вакцинасын берді.

Америка Құрама Штаттарының Мемфис қаласынан көтерілген Тайвань әуекомпаниясының карго ұшағы вакцинамен бірге кеше Тайваньға барып жетті. Модерна компаниясының 2,5 миллион доза вакцинасы үкімет өкілдеріне тапсырылды.

Тайвань Модернадан шамамен бес миллион доза вакцина сұраныс беріп, алайда бүгінге дейін тек 390 мың доза алған еді.  АҚШ әкімшілігі осы ай ішінде аралға 750 мың доза вакцина жолдауға уәде берген болатын.

Вашингтонның уәде етілгеннен үш есе артық вакцинаны бағыштауы халық денсаулығы тұрғысынан болғаны секілді Байден билігінің Қытаймен құруға тырысатын жаңа геосаяси теңгерім тұрғысынан да маңызды.

Америка Құрама Штаттарының Тайваньмен ресми дипломатиялық қатынасы жоқ.  Бірақ «Тайваньмен қатынастар заңы» арқылы сауда-экономикалық, мәдени және әскери салада ынтымақтастық жасап отыр.



Ұқсас жаңалықтар