АҚШ Қытайды Ковид-19 жайлы ескертті

Джейк Салливан Қытай коронавирус індетінің тегін зерттеу тақырыбында ынтымақтастық жасамаса, халықаралық қоғамда шетке қағылатынын айтты.

1662067
АҚШ Қытайды Ковид-19 жайлы ескертті

АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік ақылшысы Джейк Салливан Қытай егер Ковид-19 індетіне себеп болған вирустың тегі (қайдан пайда болғаны) жайлы "нақтылы" бір тергеу жүргізуге рұқсат бермесе, халықаралық изолацияға дөп келетінін ескертті. 

АҚШ баспасөзіндегі хабарларға қарағанда Джейк Салливан қазіргі жағдайда қауіп немесе ультиматум жарияламайтындарын білдіріп, халықаралық қоғамнан қолдау жинауды жалғастыратындарын айтқан.

Қытай жауапкерліктерін орындамаса, бұған қалай жауап беру керектігін ойластыратындарын білдірген Салливан:

"Бұл жұмысты одақтастар және ортақтармен ұйымшылдық ішінде жасаймыз" деді.

Джейк Салливан Қытай коронавирус індетінің тегін зерттеу тақырыбында ынтымақтастық жасамаса, халықаралық қоғамда шетке қағылатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар