Еуроодақ вакциналардың вирустан қорғағанын хабарлады

АҚШ дәрі фирмасы Moderna  өндірген вакцинаның 12-17 жас арасына қолданылмайтыны тіркелгенін жариялады.

1660221
Еуроодақ вакциналардың вирустан қорғағанын хабарлады

Еуропа Одағының дәрі бақылаушысы Еуропа Дәрі агенттігі (EMA) мақұлданған вакциналардың жаңа типті коронавирус (Covid-19) індетінің Еуроодақта байқалған барлық түріне қарсы қорғағанын хабарлады.

Еуропа Дәрі агенттігі (EMA) жасаған мәлімдемеде Қытайдың Sinovac фирмасы өндірген және Түркияда қолданылған вакцинаның бағалау процесі жалғасқаны білдірілді.

Мәлімдемеде АҚШ дәрі фирмасы Moderna  өндірген вакцинаның 12-17 жас арасына қолданылмайтыны тіркелгені хабарланды.

Соңғы кезде AstraZeneca  вакцинасы жайлы таралған "жалған ақпаратқа" назар аударылған мәлімдемеде аталмыш вакцинаның мақұлданғаны, керісінше жағдай болғанда хабарланатыны білдірілді. 

Еуропа Дәрі агенттігінің (EMA) мәлімдемесінде:

"Мақұлдау алған вакциналардың коронавирустың Еуроодақта байқалған барлық түрлеріне қарсы қорғағаны айнықталды" деп көрсетілді.

Мәлімдемеде:

"mRNA технологиясын негіз еткен вакциналардан кейін байқалған жүрек бұлшық еті мен қабығының қабынуы жайлы арыздар зерттелуде. Себебі мен нәтижесіне байланысты әлі нақтылы мәлімет келмеді" деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар