Бір аудан Талибаннан алынды

Талибан мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс жалғасуда.

1659135
Бір аудан Талибаннан алынды

Ауғанстанда 8  маусым күні Талибанның билігіне өткен Фариаб уәлаятының Девлетабад ауданын үкімет күштері қайтарып алды.

Фариаб полициясының хатшысы Керим Юриш қауіпсіздік күштерінің ауданды алу үшін операция жүргізгенін білдірді.  Операция нәтижесінде Девлетабад ауданының орталығы Талибаннан алынды. Операцияда көптеген Талибан сарбазы өлтірілді.

Хатшы Талибан сарбаздары мен қауіпсіздік күштері арасында аудан орталығына алыс жерлерде қақтығыстың жалғасып жатқанын айтты.

Соңғы рет екі күн бұрын елдің солтүстігіндегі Саяд ауданы Талибанның қолына өткен болатын. Екі ауда ел көлемінде он бес ауданды Талибан сарбаздары басып алған еді.

БҰҰ деректеріне қарағанда, қала орталықтарын санамағанда елдің 50-70 пайызы Талибанның қолында.

Елдің 34 қала орталығы толығымен мемлекеттің қолында.



Ұқсас жаңалықтар