Палестина Израильдің жаңа үкіметінің өзгеше болатынына сенбейді

Бергуси Беннет басшылығындағы жаңа үкіметтің «қоныстанушы және нәсілшіл» үкімет екенін айтты.

1657320
Палестина Израильдің жаңа үкіметінің өзгеше болатынына сенбейді

Палестина Сыртқы істер министрлігі Израильде «өзгеріс үкіметі» деп аталған жаңа үкіметтің бұрынғылардан еш өзгешелігі болмайтынын айтты. Министрлік Беннет үкіметі туралы хабарлама жариялады. Хабарламада «Жаңа үкімет бұрынғылардан өзгеше болмайды» деп айтылды.

Сонымен бірге «Беннет үкіметінің басқыншы қоныстанушылар және Батыс Шерияның аннекциясына байланысты ұстанымы қандай? Иерусалим мен тарихи мәртебесі туралы қандай пікірде? Қол қойылған келісімдерге қалай қарайды? Халықаралық заңды шешімдер туралы не дейді?» деген сұрақтар сұралды.

Палестина Ұлттық бастама қозғалысы бас хатшысы Мұстафа әл Бергуси де Беннет басшылығындағы жаңа үкіметтің «қоныстанушы және нәсілшіл» үкімет екенін айтты.

Хамас ұйымының баспасөз хатшысы Әбу Зухри де «Израильдегі үкімет өзгерісінің маңызды» екенін айтып, «Израиль палестиналықтардың құқықтарын тәркілеу және өлтіру саясаттарында бірлеседі.  Нетаньяхудың кетуі  - тойтарыстың жеңісінің нәтижелерінің бірі» деді.



Ұқсас жаңалықтар