Байденнен Еуропаға 'Сізбен біргеміз' хабарламасы

АҚШ президенті Еуропаға бағыттап «АҚШ сізбен бірге» деп хабарлама жасады.

1657653
Байденнен Еуропаға 'Сізбен біргеміз' хабарламасы

АҚШ президенті Джо Байден НАТО-ның штаб-пәтерінде Бас хатшы Йенс Столтенбергпен қысқаша бір мәлімдеме жасады.

Соңғы жылдары НАТО-ның алдында Ресей мен Қытай сияқты жаңа сынақтар тұрғанын атап көрсеткен Байден АҚШ-тың «мықты бір НАТО-ға» мән бергенін айтты.

«НАТО АҚШ-тың мүдделері үшін өте маңызды» деген Байден Солтүстік Атлантикалық пактінің 5-ші бабының «қасиетті міндеті» екенін баса айтып, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ-тың Еуропа үшін араласқанын еске салды.

«Еуропа мынаны білсін. АҚШ сізбен бірге» деген Джо Байден НАТО-ның қорғаныс шығындарын арттыру туралы Бас хатшы Столтенбергтің сөздеріне де келіскенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар