PKK-лық делегация Дюссельдорф әуежайында тоқтатылды

Германияның белгілі Die Welt газеті тақырыппен байланысты хабар жариялады.

1656888
PKK-лық делегация Дюссельдорф әуежайында тоқтатылды

Түркиямен қарым-қатынасын бұзбау мақсатты Ирактың Эрбиль қаласына барғысы келген және PKK-ны жақтаушы делегацияға Германияның елден шығуға рұқсат бермегені білдірілді.

Германияның танымал Die Welt газеті полицияның рапортына сілтеген хабарында PKK-ға жақын күрд бірлестіктерінің террористік ұйымға қолдау мақсатты «тірі қалқан» шарасы аясында ағымдағы  айдың  ішінде Иракқа жаңа адамдар жіберетіні атап көрсетілді.

Газеттің хабарына қарағанда Германияда тыйым салынған террористік ұйымдардың тізіміне енген PKK-ның НАТО-ға мүше Түркияға қарсы іс-әрекеттерге қатысу немесе Федералдық Германия Республикасының мүддесіне айтарлықтай кері әсер ететіні баса айтылып, «Германия немесе Еуропа азаматтарының қақтығысқа қатысуы Түркиямен қарым-қатынастарға зиян келтіреді» делінді.

Германияның Дюссельдорф әуежайынан Ирактың Эрбиль қаласына барғысы келген делегацияның елден шығуына полиция рұқсат бермеген еді.

Полиция араларында Гамбург штатының Солшыл партия тобының тең төрайымы және депутат Джансу Өздемир де бар делегацияның «Германияның беделіне нұқсан келтіру қаупі» себебімен елден шығып кетуіне кедергі жасалғанын білдірілді.

Полиция мәлімдемешісі Өздемирдің өзін провинциялық кеңестің депутаты екендігін айтпағаны, оның депутат екені туралы кейін қорғаушылары өтініш жасаған соң хабардар болып босатылғанын да мәлімдеді.

Жауапқа тартылған кейбір делегация мүшелерінің болса шетелге шығуға тыйымдары бар екені анықталды.



Ұқсас жаңалықтар