Пәкістанда жол-көлік оқиғасында 19 адам мерт болды

Пәкістанда қажыларды тасымалдаған автобустың аударылуы кесірінен 19 адам қаза тапты,  50 адам жарақат алды.

1656103
Пәкістанда жол-көлік оқиғасында 19 адам мерт болды

Оқиға Пәкістандағы Белуджистан провинциясының Хуздар ауданында болды. Хуздар-Ларкана бағдарымен келе жатқан жолаушылар автобусының жүргізушісі жылдамдықты шектен тыс асырып, көлігін басқара алмай қалған. Салдарынан автобус аударылды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде.

 



Ұқсас жаңалықтар