Туниске 600 мың доза вакцина бағышталды

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы "COVAX" бағдарламасы аясында Туниске 600 мың доза вакцинаны маусымнан жыл соңына дейін жеткізеді.

1655011
Туниске 600 мың доза вакцина бағышталды

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы жаңа типті коронавирус (Сovid-19)  вакцинасымен қамдау үшін құрылған "COVAX" бағдарламасы аясында Туниске 600 мың доза вакцина бағыштады. 

Тунис Премьер-министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде премьер-министр Хишам Әль-Машиши Женевада Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры дәрігер Тедрос Адханом Гебрейесуспен бас қосқаны білдірілді.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының орталығында өткен кездесуде Бас директор Тедрос Адханом Гебрейесус Тунис халқының талабы бойынша маусым мен шілде айларында 100 мың доза Ковид-19 вакцинасын осы елге жолдайтындарын айтты. 

Гебрейесус бағдарлама аясында 250 мың доза вакцинаның қыркүйекте, қалған 250 мың дозаның жылдың соңына дейін Туниске жеткізілетінін білдірді.

 



Ұқсас жаңалықтар