Монғолияда президенттік сайлау аяқталды

Монғолияның жаңа президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх болды.

1655361
Монғолияда президенттік сайлау аяқталды

Билік басындағы Монғолия халық партиясы төрағасы және бұрынғы премьер-министр Ухнаагийн Хүрэлсүх Монғолияның жаңа президенті болды. 

Монғолия Сайлау комитетінің сайлауға байланысты бейресми мәлімдемесіне қарағанда Ухнаагийн Хүрэлсүх мөлшермен 1 миллион 75 мың сайлаушы дауыс берген сайлауда 820 мыңнан көп дауыс алды. 

Басқа үміткерлермен салыстырғанда дауыстың көп бөлігін иелеген  52 жасындағы Хүрэлсүх президент болғанын жариялады. 

Хүрэлсүх сөзінде "Адамдар маған сенді, мен де олардың сенімін ақтау үшін қолымнан келгенін істеймін" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар