Газадан тікелей эфир

Мысыр каналы Газадан бірінші рет тікелей эфир жариялады.

1655345
Газадан тікелей эфир

Мысыр ресми спутниктік каналы 2006 жылдан бері Израиль қоршауындағы Газада бірінші рет эфир жариялады.

Израильдің Газа секторына бағытталған соңғы шабуылдарында құлаған Хенади ғимаратының қасынан жүргізілген эфир Мысыр бірінші каналының ең атақты бағдарламасы «Қайырлы таң, Мысыр» шеңберінде жүзеге асырылды. Эфирде екі миллионнан астам палестиналық халық өмір сүретін Газадағы соңғы жағдай, Мысырдың қалдықтарды тазалау жұмыстары туралы айтылды.

Израильдің Газа секторына 10 мамыр күні басталған шабуылдары Хамаспен жасалған келісім шеңберінде 21 мамыр күні аяқталған болатын. Израильдің шабуылдарында 254 палестиналық азамат қаза тапты. Олардың 66-сы – балалар, 39-ы – әйелдер. Сонымен бірге 1948 адам жарақат алып, мыңдаған ғимарат толықтай қирап немесе қолданылмайтын жағдайға келді.



Ұқсас жаңалықтар