Байденнен Путинге ескерту

Байден шетелге алғашқы сапарына шықты.

1655421
Байденнен Путинге ескерту

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путинге ескерту жасады.  Ол орыс үкіметі «зиянды істер» жасаған жағдайда Вашингтонның «мықты және мағыналы» жауап беретінін айтты.

Байден G7 саммитіне қатысу мақсатымен Ұлыбританияға ұшты.

Ұшаққа Мильденхол әскери базасынан мінген Байден осында Америка Құрама Штаттары Әуе күштері қызметкерлері және отбасыларынан тұратын жұртшылыққа үн қатты.

Байден президент ретінде бірінші рет шетелге сапарлай барады. Еуропадағы байланыстарының барлық жерінде «Америка Құрама Штаттары қайта оралды және әлем демократияларының ең үлкен қиыншылықтар және болашағы үшін маңызды мәселелерді шешуде бірге қозғалатынын ашық айтатынын» білдірді.

Байден байланыстары шеңберінде Ресей президенті Путинмен де кездесетінін айтты.  Ол Америка Құрама Штаттарының Ресеймен келіспеушілік қаламайтынын, «тұрақты, болжауға болатын бір қатынас» қалайтынын білдірді.

«Алайда орыс үкіметі зиянды істер жасаса, Америка Құрама Штаттарының мықты және мағыналы жауап беретінін айтамын.  Мұны көрсеттік те.  Америка Құрама Штаттары, Еуропа және басқа жерлерде демократияның егемендігін бұзудың нәтижелері болатынын жеткіземін» деді ол.

АҚШ президенті Вашингтонның трансатланттық одақпен байланысының «мықты» екенін де атап көрсетті.

Байден Еуропа сапарының бірінші сатысында бүгін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, 13 маусымда Ұлыбритания патшайымымен кездеседі.

Артынан Бельгияның бас қаласы Брюссельге баратын Байден 14 маусым күні болатын НАТО саммитіне қатысады. АҚШ президенті осында президент Режеп Тайып Ердоғанмен бірінші рет кездеседі.

Джо Байден 15 маусым күні Брюссельде АҚШ-ЕО саммитіне қатысады және 16 маусым күні Женевада Ресей президенті Владимир Путинмен бас қосады.



Ұқсас жаңалықтар