Еуропа Парламенті Страсбургте бас қосты

Парламент төрағасы: "Страсбург қаласында қалыпты жұмыстарымызды бастауымыз сенім мен үміттің белгісі" деді.

1653455
Еуропа Парламенті Страсбургте бас қосты

Еуропа Парламенті жаңа типті коронавирус індеті сақтық шаралары себепті 15 айдан кейін тұңғыш рет Францияның Страсбург қаласында бас қосты.

Ғимараты Страсбург қаласында болған Еуропа Парламенті қаланың вирусқа байланысты "қызыл аймақ" деп жариялануына орай Жалпы Кеңес жиналыстарын алыстан өткізіп келген. 

Коронавирус індеті шаралары себепті депутаттардың үштен бірі ғана жиналысқа қатысты. 

Еуропа Парламентінің төрағасы Давид Сассоли беташар сөзінде:

"Страсбург қаласында қалыпты жұмыстарымызды бастауымыз сенім мен үміттің белгісі" деді.

Давид Сассоли парламенттің Ковид-19 індетінің әсерін және мүше елдердің эксономикалық бағдарламаларын талқылайтынын айтты.

13 маусымға дейін жалғасатын отырыстардың басты күн тәртібі, саяхат мүмкіндіктері, Ковид-19 сертификатын мақұлдау, Одақтың  Беларусьпен арасындағы кірбеңдіктер,  15 маусымда өтетін Еуроодақ-АҚШ саммиті қатарлы тақырыптар талқыланады.



Ұқсас жаңалықтар