Ауғанстанда тағы бір аудан Талибанның бақылауына өтті

Ауғанстанның солтүстігіндегі Фаряб уәлаятының Девлет-Абад ауданы Талибанның бақылауына өтті.

1654041
Ауғанстанда тағы бір аудан Талибанның бақылауына өтті

Фаряб уәлаяты кеңесі депутаты Абдул Меннан Катидің айтуынша, содырлар екі күннен бері Девлет-Абад ауданына шабуылдап отырған көрінеді.

Шабуыл нәтижесінде таңғы уақытта аудан орталығының Талибанның бақылауына өткенін атап көрсеткен Кати аудан орталығында әкімшілік ғимаратындағы 30 қауіпсіздік қызметкерінен хабар алалмағандарын мәлімдеді.

Фаряб уәлаяты кеңесі депутаттарының бірі Абдул Ахад Илбек болса шабуылда 2 қауіпсіздік қызметкерінің қаза тапқанын жариялады.

Осылайша Талибан мамыр айының басынан бастап елдің 8 ауданын өз бақылауына алды.



Ұқсас жаңалықтар